Description
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
— Жоғары буөтімділікке ие.
— Қолдануға оңай, бетке біркелкі жағылады, шашырамайды.
— Берік қабықша қалыптастырады.
— Жылдам кебеді, құрамында еріткіштер жоқ.
— Қолдану техникасына және қолданылатын құрал-саймандарға байланысты әртүрлі сәнді өрнектерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
— Өрттен және жарылыстан қауіпсіз, улы емес, сондықтан Жұмсақ текстуралық жабын бояуын балаларға арналған мекемелерде, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, ауруханаларда қолдануға рұқсат.
БЕТТІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖАҒУ ТӘСІЛІ:
Бояу алдында негіз таза, қатты, құрғақ және майлы дақтардан, ескі қабыршақтанып түскен жабыннан және ұнтақ материалдардан таза болуға тиіс. Беттің қызмет мерзімін ұзарту және нығайту, сондай-ақ мінсіз жабынға қол жеткізу, бояудың шығынын азайту үшін, бетті алдын-ала «Ремабонд Реди» акрилды астарламамен астарлап шығуға кеңес беріледі. Қолданар алдында бояуды жақсылап араластырыңыз.
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР:
Бояу жаққыш, білікше немесе бүріккіш тапанша көмегімен сырланады. Жұмыстарды аяқтағаннан кейін бірден құрал-сайманды сабынмен және жылы сумен тазалаңыз.