Description
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
— Жағуға оңай, бетке біркелкі жағылады, шашырамайды, ағындар қалдырмайды.
— Жылдам кебеді, құрамында еріткіштер жоқ.
— Абразивті емес құралдарды қолданумен көп мәртелі ылғалды тазалауға төзімді.
— Өрттен және жарылыстан қауіпсіз, улы емес, сондықтан бояуды балаларға арналған мекемелерде, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, ауруханаларда қолдануға рұқсат.
БЕТТІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖАҒУ ТӘСІЛІ
Негіз таза, қатты, құрғақ және майлы дақтардан, ескі қабыршақтанып түскен жабыннан және ұнтақ материалдардан таза болуға тиіс. Беттің қызмет мерзімін ұзарту және нығайту, сондай-ақ мінсіз жабынға қол жеткізу, бояудың шығынын азайту үшін, бетті алдын-ала акрилді астарламасымен астарлап шығуға кеңес беріледі. Пайдаланардың алдында бояуды мұқият арластыру керек.