QAZ ENG RUS

The Colours — you want

«К-КОЛОР» «K-COLOR» ЖШС-гі «REMALUX» сауда белгісімен – жоғары еуропалық сапа қолжетімді бағамен.

«REMALUX» сауда белгісімен «К-КОЛОР» «K-COLOR» ЖШС компаниясы – Қазақстан Республикасында орналасқан лак-бояу материалдарын өндірудің көшбасшысы. Біз тұтынушылардың назарына әйгілі француздық, бельгиялық, неміс, голланд және американдық өндірушілердің шикізаттарынан британдық лицензия бойынша жасалған жоғары сапалы бояулардың кең ассортиментін ұсынамыз. Біздің барлық өнімдеріміз еуропалық сапа стандарттарына сәйкес шығарылады, сонымен қатар сатып алушыларға аналогтарға қарағанда әлдеқайда қолайлы бағамен ұсынылады.

Сатып алушылар неге біздің өнімді таңдайды?

• жоғары сапа;
• өндірістің инновациялық технологиялары;
• материалдарды үнемді тұтыну;
• бәсекеге қабілетті бағалар;
• кәсіби сервистік қызмет;
• өнімнің кең ассортименті.

Инновациялық технологиялар және өндірістің заманауи әдістері

Біздің компанияда лак-бояу материалдарын шығару алдыңғы қатарды инновациялық технологияларды және химия ғылымының заманауи жетістіктерін қолданумен жүзеге асырылады. Біздің лайықты беделіміз тұтынушылардың назарына бәсекеге қабілетті бағалар бойынша ұсынылатын эргономикалық (денсаулық үшін қауіпсіз) сапалы тауарды ұсынуға негізделеді.

Сервистік қызмет көрсету

Біз әрбір клиентке сатып алуға дейінгі және одан кейінгі сервистік қызмет көрсетуге кепілдік береміз, бұл өте маңызды. Біздің компанияның мақсаты – клиенттерге тікелей жоғары сапалы қызмет көрсетумен бірге өнімнің жоғары сапасы арқылы әрбір сатып алушының ең талапты сұраныстарын қанағаттандыру болып табылады.

Біздің компанияның өнімдері кімдерге арналған?

Біз өндіретін өнімдер беделді өкілді деңгейдегі объектілерде пайдалану үшін жоғары білікті мамандардың ең қатал талаптарын оңай қанағаттандыруға арналған. Одан басқа, ол үйде пайдалануға және әрлеу жөндеуін өзі жүргізу үшін материалдарды таңдап алатын қарапайым адамдарға да қолайлы.

Өнімнің кең ассортименті

Біздің компания әрлеуге арналған текстуралық жабынның және текстуралық бояудың, су эмульсиялы бояулардың, лактың әртүрлі түрлерінің, акрилді желімнің және ПВА желімнің, сыртқы жұмыстарға және үй-жайларды әрлеуге арналған су эмульсияларын, тегістеуге және латекстік фиништік тегістегіштерді, сәндік сылақарды, эмальдарды және басқа да көптеген заттарды шығаруға маманданады. Қажет болса біздің мамандар таңдалған өнім үшін қажетті түс реңкті таңдауға көмектеседі және қажетті түске бояп береді. Сатып алушы лак-бояу материалдары мен жабындарды қандай мақсатқа іздесе де – ол оларды бізден ең тиімді бағалармен және еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапаға кепілдікпен табады. REMALUX белгісі өнімдерінің ассортиментін тұрақты жаңарту мен кеңейту іс жүзінде ішкі және сыртқы әрлеудің кез келген мәселесінің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Пайдаланудағы қауіпсіздік пен жайлылық

Су негізінде жасалған өнім уытты емес. REMALUX бояуларында иіс болмайды, себебі олардың құрамында ұшқыш органикалық қосылыстар жоқ. Бұл осындай өніммен жұмыс істеу кезіндегі үлкен артықшылық болып табылады, оны күн сайын лак-бояу материалдарымен жұмыс істейтін кәсіби мамандар бағалайды. Өз үйін шамалы уақыт әрлеумен және жөндеумен айналысатын әуесқойлар үшін де бұл жайт пайдалы болып табылады. Біздің өнімді пайдаланумен әрленген үй-жайларда жұмыс істеу мен тұру оңай, ол адамдар мен үй жануарлары үшін қауіпсіз.

Сапаға зиян тигізбей, шығындарды төмендетеміз

Біздің компанияның өнімдерін шығару материалдарды үнемдеуге және REMALUX белгісінің өнімдерін пайдалану кезінде клиенттің шығындарын төмендетуге бағдарланған. Осыған байланысты бояулардың, лактардың және тегістегіштердің рецепттерін жасау кезінде үнемі жетілдіріліп отыратын инновациялық технологиялар мен өндірістің ең заманауи әдістері пайдаланылады. Лак-бояу материалдарының әрбір жаңа модификациясы шығын материалдарын үнемдеудің максималды мүмкіндігін бере отырып, одан да жоғары сапаға кепілдік береді. Қымбат нәрсе барлық кезде сапалы болмайды, ал сапалы қымбат болуы міндетті емес. Біздің технологтар өнімнің сапасына зиян тигізбей өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бар күш-жігерлерін жұмсайды.

Бізбен бірге таңдаулы қолжетімді болады

«REMALUX» сауда белгісімен «К-КОЛОР» «K-COLOR» ЖШС компаниясы таңдаулы материалдарды шығаруға маманданады. Біздің компания өз бояуын шығару кезінде Қайта өркендеу дәуірінен бастап неміс және итальян шеберлерінің дәстүрлерін жалғастырады. Сонымен бірге біз барлық инновацияларды қадағалаймыз, ең жақсыларын сіңіреміз және жүзеге асырамыз! Материалдар мен ұсынылған қызмет көрсету туралы қызығушылық тудыратын ақпарат біздің сайтта көрсетілген. Біздің компанияның жоғары білікті мамандары кез келген сұрақтарға жауап беруге, барлық проблемалар бойынша кеңес беруге, соның ішінде материалдың қажетті мөлшерін есептеп беруге және нақты қажеттіліктерге өнімді таңдауға көмектесуге дайын.

«REMALUX» сауда белгісімен «К-КОЛОР» «K-COLOR» ЖШС компаниясының клиенттері

Біздің компания құрылыс нарығында 15 жылдан ұзақ уақыт әрекет етуде, осы уақыттың ішінде өз таңдауына көңілі толған тұтынушылардың орасан зор санын жинай отырып, керемет абыройға ие болды. Біздің тұрақты клиенттеріміз республикамыздың барлық қалалары мен өңірлерінде орналасқан: Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау, Шымкент, Өскемен, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда және басқалар. Компания бүкіл Қазақстандағы және оның шектерінен тыс – Ресей Федерациясы мен Түркменстандағы ұйымдар мен жеке тұтынушыларды өз өнімдерімен қамтамасыз етеді.