Тұтынудың есебі

Сіз не істеуді жоспарладыңыз?
Егер Сіз өз қабырғаларыңыздың көлемі мен мөлшерін білсеңіз - төмендегі үлгіні толтырыңыз. Нәтижесі дереу есептеледі!
Нұсқалары:
Периметр*, м
Биіктігі, м
Қабат саны
1
Көлемі, м2
2
Главная / Каталог / Сәндік / Remalux ВЕНЕЦИАНСКАЯ ШТУКАТУРКА

Remalux ВЕНЕЦИАНСКАЯ ШТУКАТУРКА

Объем:
Количество

Қолдануға дайын көпқабатты сәндік жабын

«Венецианская штукатурка» - қолдануға дайын көпқабатты сәндік жабын, интерьердің элиталық өңдеуіне арналған венециялық мәрмәрдің бағалы түрлерін имитациялайды. Арнайы акрил дисперсиялы және табиғи мәрмәр толықтырғыш негізінде жасалған.

Ерекше сипаттар

АЯЗҒА ТӨЗІМДІ

ЖОҒАРЫ АДГЕЗИЯ СИПАТЫНА ИЕ

АТМОСФЕРАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРДІҢ ӘСЕРІНЕ ТӨЗІМДІ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА

Беттерді дайындау: Сылақ жағылатын беттер таза, қатты, құрғақ және майлы дақтардан, ескі бояудың қабыршықтарынан және ұнтақты материалдардан таза болуы шарт. Беттердің қызмет ету мерзімін ұзарту және мықтылау үшін, мінсіз жабынға қол жеткізу үшін және материал шығынын азайту үшін беттерді алдымен «РемабондРеди» акрил сылағымен жауып шығу ұсынылады. Қолданар алдында материалды мұқият араластыру керек.

Жағу:  Венециялық сылақша металл шпательдер көмегімен жағылады. Таңдалған шпательдің пішіні мен көлемі жабын суретін және оның фактурасын анықтайды. Шпательдің бұрыштары домалақ болуы, тіссіз және бүдірсіз болуы шарт. Жұмыс кезінде шпательді 30 градус бұрышпен ұстау ұсынылады. Жұмыстарды температурасы  +5°С  төмен және ауаның ылғалдығы  80% жоғарыда жүргізуге болмайды.  

Тазалау: жұмсақ жуу құралдарын қолданумен жууға төзімді.

Сақтау: Өндіру күнінен бастап кепілдік мерзімі 12 ай,температурасы   +5°С   -  +40°С  аралығында бастапқы қорабында сақталады.

Жою: бояуды кәрізге және су ағарларға төкпеңіздер, арнайы мамандандырылған утилизация пункттеріне хабарласыңыз.

 

Сыртқы түрін сақтау:

Бояудан кейін бір айдан соң жұмсақ жуу құралдарын қолданып, беттерді жууға болады.

Қызықты мақалалармен танысыңыз

Толығырақ

Қосымша мәліметтер керек пе?

Алдағы ұсыныстарды алу үшін келесі мекенжай бойынша клиенттерге кеңес беру орталығына хабарласыңыз:

"К - КОЛОР" "К - COLOR" ЖШС, мекежайы: 050031, ҚР, Алматы қ., Төле би көш., 300/2

 

© Авторлық құқық 2016 REMALUX

Заказать обратный звонок