Тұтынудың есебі

Сіз не істеуді жоспарладыңыз?
Егер Сіз өз қабырғаларыңыздың көлемі мен мөлшерін білсеңіз - төмендегі үлгіні толтырыңыз. Нәтижесі дереу есептеледі!
Нұсқалары:
Периметр*, м
Биіктігі, м
Қабат саны
1
Көлемі, м2
2
Главная / Кеңестер / Бекзат әсер

Бекзат әсер

Дата публикации: 06.12.2015

Әшекейлік жабындарға арналған Remalux® бояулары.
 

Бір кездері әшекейлер дегдар үйлерге ғана бұйырушы еді, енді жаңа технологиялардың және материалдардың қол жетерлігінің арқасында әркім де олармен өзінің үйін немесе офисін безендіре алады. Ондай материалдар сан алуан әсерлерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Олар табиғи тастың, ағаштың, матаның кейпін қайталап, "көнерген" жабындар, алтынның, маржанның және тағысын тағы әсерлерді бере алады. Түрлі жағылу техникасына қарай ондай лак-бояу материалдары салыстырмалы шағын шығын жұмсап, Сіздің интерьеріңізді бірегей әрі қайталанбас етеді.
Біздің зауытымыз әшекейлік әрлеуге арналған материалдардың жалпақ сұрыпталымын өндіреді:

отделки:
 

Ішкі және қасбеттік жұмыстарға арналған әшекейлік құрылымды сылақтамалар
 
Әшекейлік сылақтама деген не:
 

Бұл белгілі бір фактурасы бар көпқабатты жабын. Жабынның фактурасы толтырғыштың мөлшерімен және нысанымен, пайдаланылатын құрал-сайманмен, сондай-ақ жағу тәсілдерімен айқындалады.

Сылақтамаларды қолданудың артықшылықтары:
 

•    Әшекейлік сылақтаманы бір жағу операциясы бірнеше әрлеу міндеттерін шешеді.
•    Беттің сан алуан бірегей әшекейлік фактураларын алуға болады.
•    Сылақтамалық қасбеттік жабындар жоғары бу өткізгіштікке, ұзақ ғұмырға, механикалық беріктікке және атмосфералық әсерлерге төзімділікке ие.
 


Біз қандай сылақтамалар жасаймыз:

Британдық технология бойынша қасбеттік және ішкі жұмыстарға арналған жоғары сапалы акрилдық құрылымды сылақтамалар. Олар цемент, әк негізіндегі минералдық негіздердің барлық түрлері бойынша, ескі дисперсиялық жабындар бойынша және бояулармен арнайы дайындалған беттер бойынша қолданылады. Сіздің таңдауыңызға қарай пастельден қанық түске дейін әртүрлі түстерге колерленеді.

Сылақтаманы өзіңіз жаққыңыз келе ме?

Сіз өз үйіңізді немесе офисіңізді сылақтауды ұйғардыңыз, бірақ мұндай сылақтаманы алғаш рет көріп тұрсыз ба? Біздің офисте зауыттың техникалық маманы Сізді оны жағу тәсілдеріне тегін үйретеді. Егер нысан күрделі болса, Сізге шебердің өзі келеді де, барлық қажетті ұсыныстамаларды береді, қызметкерлерді үйретеді.

 

REMALUX қадағалау
© Авторлық құқық 2016 REMALUX

Заказать обратный звонок