Тұтынудың есебі

Сіз не істеуді жоспарладыңыз?
Егер Сіз өз қабырғаларыңыздың көлемі мен мөлшерін білсеңіз - төмендегі үлгіні толтырыңыз. Нәтижесі дереу есептеледі!
Нұсқалары:
Периметр*, м
Биіктігі, м
Қабат саны
1
Көлемі, м2
2

Әрлеу

Дата публикации: 06.12.2015

Remalux® эмальдары, астарламалары, тегістемелері

Біз қандай эмальдар шығарамыз:  

 
 

Сыртқы және ішкі жұмыстарға арналған жоғары сапалы акрилдық эмальдардың жалпақ сұрыпталымы. Біздің эмальдарымыздың иісі мүлдем дерлік жоқ, денсаулыққа зиянын тигізбейді, жылдам кебеді. Мұндай сипаттары оларды үй-жайлардың ішін сырлау үшін мінсіз лайықты етеді. Сонымен қатар, түзілетін жабын механикалық зақымдарға, атмосфералық жауын-шашынның және ультракүлгін сәулелердің әсеріне төзімді болады, бұл эмальдарды іштегі, сондай-ақ сырттағы жұмыстар үшін де табысты пайдалануға мүмкіндік береді. Remalux эмальдарының ғұмыры өте ұзақ (жабынның қызмет мерзімі – 5 жыл және де артық).
Астарлама – кез келген әрлеу жұмыстарының сапалық негізі. Сіз нені болмасын – тақташа төсеуді ме, түсқағаздар жапсырып, қабырғаны сылақтауды немесе сырлауды ма, - қолға алсаңыз да, егер Сіз жабынның өзіңізге көп жылдар бойы қызмет еткенін қаласаңыз, ең алдымен бетті мұқият дайындауды ойластыру керек. Түрі мен мақсатына қарай, астарламалар бетке бойлап сіңеді, оны нығайтады, өзінен кейінгі материалдардың негізбен ілінісуін жақсартады, бояу, сылақтама, түсқағаздық және тақташалық желімдер, тегістемелер секілді материалдардың біркелкі жағылуына септігін тигізеді, бояудың жұмсалуын азайтады және зең мен саңырауқұлақтардың пайда болуына жол бермейді. Сондықтан да, үй-жайларды фиништік әрлеудің сапасы тиісті астарламалардың дұрыс қолданылуына байланысты.

Біз қандай астарламалар шығарамыз:

 
 

Астарламалардың нығайтқыш, бойлағыш, әмбебап және арнайы түрлері – кез келген әрлеу жұмыстарына арналған. Барлық материалдар британдық технология бойынша және «К-КОЛОР» «K-COLOR» компаниясының жоғары білікті технологтарының бақылауының астында өндіріледі.
Бұл паста тәріздес лак-бояу материалы беттерді сырлардың алдында оларды тегістеу үшін қолданылады. Ол жарықшаларды бітейді және шағын кедір-бұдырды тегістейді.
 

Қандай тегістемелер бәрінен жиі кездеседі?
 
Негізінен құрғақ қоспалар түріндегі. Жұмыстың алдында құрғақ қоспаны су құйып, мұқият араластыру қажет, бұл қоспаны дайындаудағы ықтимал жаңсақтықтар, уақыт ысырабы, шаң-тозаң және лай секілді қолайсыздықтарды туғызады.
 
Біз не ұсынамыз?
 
Дайын акрилдық тегістемелер. Сіз әшейін банканы ашасыз да, жұмыс істей бересіз. Егер Сіз банканы ақырына дейін пайдаланбаған болсаңыз, онда оны жай тығыздап жауып қойсаңыз жеткілікті, сонда ол өзінің сипаттарын әлі де ұзақ уақыт сақтайды. Ал дайындалған құрғақ қоспа болса, 20-30 минуттан соң-ақ тасқа айналады! Біздің дайын тегістемелерімізді пайдаланғанда, Сіз жұмысыңызға келесі күні таңертең, бір аптан, бір айдан соң, тіпті одан да кеш орала аласыз!
 

Ол аз болса, REMALUX тегістемелері:

 

• ақ, колерленген, икелімдігі жоғары;
• оңай ажарланады, сәл ажарлағанның өзінде тегіс бет береді;
• оларға бояулар оңай жағылады, түсқағаз жабыстырылады;
• құрамында тегістемелерде қолдану үшін арнайы әзірленген немістің латекс байластырғыштары, сондай-ақ үй-жайлардағы бойлаушы радиацияның деңгейін төмендететін арнайы барий сульфатының толтырмасы бар.

 

REMALUX қадағалау
© Авторлық құқық 2016 REMALUX

Заказать обратный звонок