Тұтынудың есебі

Сіз не істеуді жоспарладыңыз?
Егер Сіз өз қабырғаларыңыздың көлемі мен мөлшерін білсеңіз - төмендегі үлгіні толтырыңыз. Нәтижесі дереу есептеледі!
Нұсқалары:
Периметр*, м
Биіктігі, м
Қабат саны
1
Көлемі, м2
2
Главная / Кеңестер / Сапалы әрі ғасырларға!

Сапалы әрі ғасырларға!

Дата публикации: 06.12.2015

Remalux® бояуларының ерекше төзімділігінің сыры
 
Жылдар, ғасырлар, дәуірлер өтеді... бірақ біз ұлы суретшілердің шеберлігіне күні бүгінге дейін қайран қаламыз. Вольтер кезінде «уақыттың сылбыр қолы тауларды шөктіреді» деген екен. Алайда, әлем сәулетінің көптеген шедеврлері мен атақты суретшілердің қылқаламының туындылары бізге тамаша күйінде жетті, өйткені ежелгі шеберлер бояулар жасаудың қыр-сырын жетік білген болатын.
 
Жақында Қайта өрлеу дәуірінің суретшілерінің ғажайып реңктер беруінің сыры ашылды. Венециялық мектептің шеберлері өздерінің бояуларына үгітілген шыны қосқан екен. Бұл оларға суреттердің ішінен жарық шығатындай әсер қалдыратын ғажайып әрі қайталанбастай реңктер беруге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Ал майлы бояулар жасаған кезде, ежелгі итальяндық шеберлер шайырдың негізіндегі бірегей формуланы пайдаланған. Жоғары сапалы көркемсуреттік пигменттер түрлі пропорцияларда табиғи шайырлардың ерітінділері қосылған зығыр және күнбағыс майларында түзіледі.
  
Біздің әрқайсымыз дүниені өзінше көреді, ал бояулар тек сезімдер мен дүниетанымды хабарлау құралдарының бірі ғана. Біздің заманымызда тек кенеп жайманың көмегімен ғана емес, сонымен қатар өз үйіңді жайластыруға қабілетіңді көрсету арқылы да өзіңді танытуға болады. Кез келген үй-жай ерте ме, кеш пе, әйтеуір жаңғыртуды қажет етеді. Әрине, оң нәтиже тек шеберлікке ғана емес, сонымен қатар бояулардың сапасына да байланысты. Сонда мынадай сұрақ туындайды: қандай материалдарды пайдаланса болады? Әрине, арзанын пайдалануға да болады, бірақ көп ұзамай өз баспанаңды қайта сырлауға туралы келеді, мұның сіздің қалтаңызға да ауыртпалық түсіретіні сөзсіз. Оның сапасы да, бағасы да көңілден шығатын бас жолы бар. Лак-бояу материалдарын «ЛБМ» отандық өндіруші «К-КОЛОР» «K-COLOR» компаниясы «Ремалюкс» сауда белгісімен Қайта өрлеу дәуірінің итальяндық шеберлерінің рецепттері пайдаланылатын дегдар әрлеу және лак-бояу материалдарын өндіреді. Германия мен Италия ежелгі заманнан бері лак-бояу материалдарының белгілі өндірушілері болып саналады. Тарихта мынадай жай белгілі, Венецияда сарайлардың құрылысын салу кезінде мәрмәр таусылып қалғанда, құрылысшылар кеніштердегі мәрмәр қиқым мен мәрмәр тозаңды пайдаланған. «К-КОЛОР» «K-COLOR» ЖШС «Ремалюкс» сауда белгісімен осы дәстүрді жалғастырушы болып табылады деуге болады, өйткені өзінің өнімдерінде сондай-ақ шағылған және ұнтақталған мәрмәр мен мәрмәр тозаңды пайдаланады, ал ежелгі шеберлерде байластырғыш материал әк болса, қазіргі өндірушілер полимер-акрилдық дисперсияларды пайдаланады. 
  
«Ремалюкс» белгісінің жоғары сапалы бояулары Ұлыбританияның лицензиясы бойынша кәсіпқой пайдаланушылар үшін де, тап солай қатардағы сатып алушыға арнап шығарылады. Өнім жоғары сапасымен ерекшеленеді және еуропалық стандарттарға сәйкес. Бүгінгі күннің жалпы әлемдік беталысы – экологиялық таза материалдар өндірісі екені белгілі. Бүкіл лак-бояу өнімдері екі түрге: еріткіштер негізінде органикалық сұйытылатын және суға еритін болып бөлінеді. Органикалық сұйытылатын материалдарда кебу барысында бояуды еріткіш буланып ұшады да, тиісінше, қоршаған ортаны ластайды. Ал әлемде бояулар өте көп өндірілетіндіктен, ондай еріткіштердің барлығы атмосфераны ластайды. «Ремалюкс» бояуларының құрамында ұшқыр органикалық қосылыстар жоқ, демек, иісі де жоқ, бұл жұмыс істеген кезде үлкен артықшылық болып табылады. Жасап шығаратын кезде гипс те, цемент те қолданылмайды, сондықтан, тіпті әшекейлік сылақтамаларды түрпіқағазбен ысқылаған кезде пайда болатын шаң да шеберлер мен үй-жайдың ішіндегі адамдардың өкпесіне түспейді, өйткені лак-бояу материалдарында өндіруші мәрмәр ұны мен каролиттерді пайдаланады. Ал құрамында мәрмәр ұны бар құрылыс материалдарынан өзгешелігі, гипспен және цементпен жұмыс істегенде, шебердің жалаңаш қолдары желінеді. 
Енді бір үлкен сегментті біздің өнімдерімізді әшекейлік-әрлемелік мақсаттарда пайдалану құрайды. Егер бұрын қабырғалар левкаспен жабылып, түстермен колерленсе, енді қазір эксклюзивті интерьер жасауға арналған неше түрлі материалдардың сан алуан сұрыпталымы пайда болды. Мысалы, бағалы тас түрлерінің имитациясы үшін мюнхендік, не болмаса венециялық сылақтаманы пайдалануға болады.
 
Венециялық сылақтама – венециялық мәрмәрдің бағалы түрлерін қайталайтын көпқабатты әшекейлік жабын, интерьерлерді дегдар әрлеуге арналған. Мюнхендік сылақтама болса, коттедждерді жабу, тойханаларды, дискотекаларды, сауда және бизнес орталықтарды әшекейлік әрлеу үшін, сондай-ақ сырттағы және іштегі жұмыстар үшін кеңінен қолданылады. Бұл екі материалдың да бірегей әшекейлік және қорғаушы сипаттарға ие екенін айта кету керек. 
 
 

«К-КОЛОР» «K-COLOR» компаниясы «Ремалюкс» сауда белгісімен Қазақстанда бірден бір болып, «Эгг Шелл» сыныбының бояуларын өндіреді. Радиаторларға арналған акрилдық эмаль – сұйық пластиктің толық аналогы! Әдетте, құбырлар мен радиаторларды сырлаған кезде, барлық жұмыстардың тоқтатылатыны үйреншікті жайт, өйткені кез келген бояуға нұсқаулықта жақсы желдетілетін үй-жайларда жұмыс істеу қажет деп жазылған. 

Радиаторларға арналған «Эгг Шелл» эмалі – иісі жоқ бояулардың, уытсыз әрі қауіпсіз материалдардың жаңа буыны. 
 «Ремалюкс» сауда белгісінің сұрыпталымында жаңа өнім – «Ремасофт» - жұмсақ фактуралы икелімдігі жоғары су эмульсиясы пайда болды. Бұл майлы көркемсуреттік бояулардың толық аналогы. Бүгінгі таңда Қазақстанда осы өнім түрінің аналогы жоқ. Оның майлы бояулардың алдындағы артықшылығы кезекті қабаттарды 15 минут өткеннен кейін-ақ жаға беруге болатыны, ал жаққыштың суға оңай жуылатыны болып табылады. Бұл бояуды қабырғаларға суреттер, фрескалар түсіру үшін, сондай-ақ қабырғаларды өнеркәсіптік сырлау үшін пайдалануға болады. Сырланған қабырғаларды таза ұстаған оңай – олар оңай жуылады, күнге оңбайды, өңін жоғалтпайды. 
 
«К-КОЛОР» «K-COLOR» компаниясы Қазақстанда қасбеттерге арналған силикон негізіндегі су эмульсиясын шығаратын аз ғана өндірушілердің бірі болып табылады. Силикон негізіндегі икелімдігі жоғары Ремапласт плюс акрилдық су эмульсиясы сырттағы жұмыстарға арналған. Силикон беттің үстінде күннен, аяздан, шаң мен кірден қорғайтын қорғаушы таспа түзеді. Өздігінен жаңғыру және өздігінен тазару әсері де байқалды! Уақыт өте келе кез келген қасбет ластанады. Егер ғимаратты осы эмульсиямен сырлап шықса, онда жаңбыр жауған кезде кірлер түгелдей кетеді және бет жаңғырады. Өндіруші «К-КОЛОР» «K-COLOR» компаниясы ондай бояуға 10 жылға кепілдік береді.
 
Қазіргі кезде әмбебап құралдар мен тауарлардың жарнамасы көптеп шығуда. Мен әмбебап ешнәрсе болмайды деп санаймын. Сондықтан біздің компания арнайы сериялар – асүйлер мен ванна бөлмелеріне арналған су эмульсиясын, сондай-ақ ұстындарды, пилястрларды және ғимараттың қатал атмосфералық жағдайларға: жаңбырға, ыстыққа, аязға неғұрлым көп ұшырайтын бөліктерін сырлау үшін тамаша жарайтын әшекейлік элементтерге арналған су эмульсиясын шығарады. Біз ондай бояуларды біздің клиенттеріміз бетті 10 жыл бойы жаңғыртпауы үшін шығарамыз.
 
Бүкіл Қазақстан бойынша өте көп компаниялар «Ремалюкс» белгісінің лак-бояу материалдарын пайдаланады. Жоғары сапасы мен жалпақ сұрыпталымының арқасында, лак-бояу материалдары қарапайым тұтынушылардың алдында да, тап солай «ВЕК», «Базис-А», «МАG group» секілді және басқа ірі құрылыс корпорацияларының алдында өзін жақсы жағынан көрсетті. Өніімдерге ең ірі тапсырыскерлердің бірі «Элитстрой» құрылыс компаниясы болып табылады. Ол тұрғызған нысандардың барлығы дерлік «Ремалюкс» бояуларымен сырланды. Өнімдердің сұрыпыталымы үнемі жаңғыртылып және кеңейтіліп отырады. Қазіргі сәтке «Ремалюкс» белгісінің өнімдері іштен және сырттан әрлеудің барлық дерлік түрлерінің шешімін табуға мүмкіндік береді. 
 
«К-КОЛОР» «K-COLOR»» ЖШС директоры Бауржан Увалиев. «Компанияның стратегиясы тек пайда алуға ғана емес, сонымен қатар клиент «Ремалюкс» белгісінің өнімдерін қолданған кезде оның шығыстарын төмендетуге мүдделі болуды негізге алады. Осы мақсатта технологиялар жетілдірілуде, ал ЛБМ рецептуралары тұтынушыға пайда алуға кепілдік беруге болатындай түрде жаңартылады. 
Өзіміздің баға саясатымызды бір жақсы арзан болмайды принципі бойынша құрамыз. Бірақ, сапаға нұқсан келтірмей, өзіндік құнды азайтуға тырысамыз. Сондықтан бағаларда ортаңғыдан жоғары санатқа дейін позицияларды ұстанамыз». 
 
Шығарылатын өнімдердің сапасына шүбә келтірмеуге болады, өйткені ол уақыт сынынан өткен. «К-КОЛОР» «K-COLOR» компаниясы Қазақстан нарығында 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Үздік әлемдік өндірушілердің: Финляндия, Бельгия, Голландия, Германия, АҚШ және Сауд Арабиясының шикізатын пайдалана отырып (ірі жеткізушілердің қатарында химиялық шикізат өндірісі бойынша жетекші әлемдік компаниялар - BASF, BAYER бар), «К-КОЛОР» «K-COLOR» ЖШС өзінің тұтынушыларына жоғары сапаға кепілдік береді. Бүгінгі таңда өнімдерді алыс шетелдерге экспорттау жөнінде өзара шарттарға қол қойылды. 
 
Дағдарысқа байланысты құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі төмендегеніне қарамастан, «К-КОЛОР» «K-COLOR» компаниясында өндіріс көлемі 20% өсті. Соның нәтижесінде биылғы жылы «К-КОЛОР» «K-COLOR» нарықтың үлкен секторын қамтыды. Компанияның Астана, Қарағанды, Атырауда сауда филиалдары бар әрі өзінің өнімдерін Өскемен қаласындағы, Көкшетау қаласындағы, Ақтөбе қаласындағы, Шымкент қаласындағы, Бішкек қаласындағы дистрибьюторлары арқылы ұсынады. 
 
Өз қызметіміздің масштабтарын ұлғайтуды біз сондай-ақ тұрмыстық тұтынушылар санының ұлғаюымен байланыстырамыз. Жеке тұлғалар – біздің өнімдерімізді сатып алушылардың үлкен сегменті.
 
Лак-бояу материалдарының біздің өмірімізле өте зор экономикалық және экологиялық маңызға ие екені белгілі. Барлық тұрғын және өнеркәсіптік нысандарды тиімді қорғау оларды іске пайдалану мерзімін айтарлықтай дәрежеде ұзартады, бұл сіздің ресурстарыңызды сақтап қалуға көмектеседі.
 

 

REMALUX қадағалау
© Авторлық құқық 2016 REMALUX

Заказать обратный звонок