Тұтынудың есебі

Сіз не істеуді жоспарладыңыз?
Егер Сіз өз қабырғаларыңыздың көлемі мен мөлшерін білсеңіз - төмендегі үлгіні толтырыңыз. Нәтижесі дереу есептеледі!
Нұсқалары:
Периметр*, м
Биіктігі, м
Қабат саны
1
Көлемі, м2
2
Главная / Серіктестерге

Серіктестерге

Дата публикации: 14.09.2015

 

 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫС

 

Құрметті мырзалар,  «К-КОЛОР» «K-COLOR» ЖШС  «Remalux» сауда белгісімен бірігіп, Сіздерге өз құрметін білдіреді және бизнестеріңізге табыс тілейді!

«К-КОЛОР» «K-COLOR» ЖШС Сіздерге өзі шығарған  аса жоғары сапалы лак-бояу материалдарын ұсынады.  Барлық материалдар британдық технологиямен және біздің компанияның жоғары білікті технологтарының қадағалауымен жасалады.

Қазақстан бойынша көптеген компания «Remalux» ЛБМ қолдануда. Жоғары сапасы мен лак-бояу материалдарының кең ассортименті арқылы олар өздерін қарапайым тұтынушылар мен ірі құрылыс корпорациялары арасында үздік жағынан ұсынды.

Өндірілетін өнімнің сапасына күмән келтірудің қажеті жоқ, себебі ол уақытпен тексерілді. Қазақстан нарығында  «К-КОЛОР» «K-COLOR» компаниясы 1997 жылдан бері.

Біздің өнімдермен және бағалармен  ұсынылып отырған прайс-парақтан толық таныса аласыз. Қажет болса, біз өнім үлгілерін ұсынуға даярмыз.

Өз тарапымыздан біз барлық қабылданған стандарттарға сәйкес жоғары сапаға кепілдік бере аламыз. Өнімді қысқа мерзімде жеткіземіз.

Төлем жасау тәсіліне және тапсырыс көлеміне байланысты әр клиентке жеке жеңілдіктер жасаймыз. Ұзақмерзімді серіктестік қатынастар орнатылған жағдайда, Сатып алушының мүдделерін есепке алумен бағаларды қайта қарауға кепілдік береміз.

Ұсынылатын өнімнің кең ассортименті, қолайлы бағалар, жоғары деңгейлі мамандар,  төлем жасаудыңжәне жеткізудің  түрлі тәсілдері  - бізбен жұмысты қолайлы әрі тиімді етеді.

 

Өзара табысты әрі  ұзақ мерзімді серіктес болуды ұсынамыз!

 

 

 

Құрметпен,

«К-КОЛОР» «K-COLOR» ЖШС

 

REMALUX қадағалау
© Авторлық құқық 2016 REMALUX

Заказать обратный звонок